Нұр-Сұлтанда АҚШ елшілігінің ғимаратына ЛГБТ елшілігінің туы ілінді – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ғимаратына ЛГБТ қауымдастығының туы ілінді. Тудың суреті ғаламторда жария болды. 

адам құқықтарының жалпыға бірдей екендігін баса айтылды

«Бүгін біз жыл сайын халықаралық гомофобияға, бифобияға және трансфобияға қарсы күнді атап өтеміз (IDAHOBiT). Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегідей, ЛГБТИ қауымдастығының көптеген өкілдері (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер, интерсексалар) зорлық-зомбылықтан қорқып үнсіз жатыр», – дейді АҚШ елшілігі.

Онда адам құқықтарының жалпыға бірдей екендігін баса айтылды.

«Біз бүкіл әлемдегі адамдарға жыныстық бағдар, жыныстық көзқарасы мен жынысына қарамай, барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігін бірдей етуді қолдаймыз», – делінген хабарламада.

Мәлімдемеге Германия, Греция, Израиль, Испания, Италия, Канада, Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Португалия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Африка Республикасының елшіліктері, сондай-ақ Еуропалық Одақ делегациясы қосылды.

Өткен жылы, 11 қазанда, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінде осы ту ілінген болатын.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз