Нұр-Сұлтанда Ақордаға бет алған белсенділерді полиция ұстады

0
33

Нұр-Сұлтанда Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасынан кейін түстен кейін Ақордаға бет алған ондаған белсендіні жолда полиция ұстады. Оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшісінің айтуынша, белсенділерді Сарайшық көшесінің бойынша омон жасақтары ұстап, бірнеше автобусқа отырғызып алып кеткен. Ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

Тікелей эфирді көріңіз:

16 желтоқсанда түске дейін қаладағы Абай мен Байтұрсынов көшелері қиылысындағы Ашаршылық құрбандарына арналған монумент алдында бір топ белсенді осыдан 8 жыл бұрын болған Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, құран бағыштаған еді. Олар шара кезінде оқиғаға шынайы кінәлі адамдардың әлі бостандықта жүргенін айтып, Жаңаөзен оқиғасының ресми түрде әлі шынайы баға алмағанын айтқан. Олар шара кезінде сонымен бірге саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, саяси-әлеуметтік жағдайдың нашар екенін айтқан.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз