Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығында өрт шықты
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Өрт шыққан кезде орталық қызметкерлері дереу 200-ге жуық адамды сыртқа шығарған
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында ана мен бала орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өрт туралы хабар 7 сәуірде сағат 13.50-де түскен.
«Б» блогының жертөле қабатында электр сымы тұтанып, 0,5 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше орталық қызметкерлері 200-ге жуық адамды сыртқа шығарған. Өрт сағат 14.04-те ауыздықталып, 14.08-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығу себебі қазір анықталып жатыр. Оқиға орнында 8 адам жұмыс істеп, отты сөндіруге 2 техника жұмылдырылған.
sputniknews.kz