Нұр-Сұлтанда алтын әжетханасы бар үй сатуға шығарылды

0

Қазақстан астанасындағы зәулім сарай желі қолданушыларының қызығушылығын туғызды, дегенмен жағымсыз пікір білдіріп жатқандар көп

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның астанасында қымбат үй сатылып жатыр. Жылжымайтын мүлік иесі баспанасын 1,4 миллиард теңгеге (3,6 миллион доллар) бағалады.

Пәтердің сатылып жатқаны туралы хабарландыру желіде жарияланды. Жазбаның астында Нұр-Сұлтанда сегіз бөлмесі, сондай-ақ алтыннан жасалған унитазы бар үй сатуға қойылғаны айтылған.  

Суреттерге қарағанда, үй иелері өз баспанасын венециялық стильде безендіруге тырысқан.

Қолданушыларға сатылып жатқан үйдің ішкі көрінісі ұнамады.

«Мынау неғылған талғам?» – деп ашуланды kim_hand_made есімді қолданушы.

«Түрлендіріп жіберген, көзіңді ауыртады», — дейді jonik727.

«Үй емес, мұражай», — деп бағалады khasenovaassem.

Үйдің суреті жарияланған жазбаның астында бірнеше сағаттың ішінде алты жүзден астам пікір жазылды. Жазбаға екі мыңнан астам лайк басылды.



sputniknews.kz