Нұр-Сұлтанда 9 маусым күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
Астаналық әкімдік сайлау күні қоғамдық көлікпен жүретін қала тұрғындары ақы төлемейтінін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. 9 маусым күні елордада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.
«Елдің жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында қалалық және экспресс бағыттағы автобустың бәрімен тегін жүруге болады. Алайда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған», — деп жазылған хабарламада.
Жексенбі, 9 маусым күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейді.
Сайлау — 2019
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
sputniknews.kz