Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден көшіріледі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында ескі үйлерге барып, тұрғындардың шағымын тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі.  

 Апатты үйлердің ішінде 1931 жылы салынғандары да бар. Қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов ескі үйлерге барып, тұрғындармен әңгімелесті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: 2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады 

Сарыарқа ауданының Бесшатыр көшесі, 8 мекенжайында тұратын тұрғындар 2019 жылдың күзінде елорда әкімімен кездескеннен кейін ауданда бірқатар мәселенің шешілгенін айтты. Асфальт төселіп, кәріз мәселесі шешімін тапқан.

Қазіргі таңда апатты тұрғын үйлерді бұзу мәселесі қалып отыр, «Үй көз алдымызда қирап жатыр. Қыста көппәтерлі үйді көмірмен жылытамыз. Үй суық», — дейді тұрғындар.  

«Қалада 125 апатты үй бар. Осы үйдің барлық тұрғыны жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады. Биыл 800-ден астам отбасын жаңа үйлерге көшіреміз», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.   

Тағы бір сүрілетін үйдің тұрғанына 90 жыл болыпты (Алтынсарин көшесі). Сондай-ақ, темір жолдың жанындағы барак типтес үйлер бұзылады.

«Вагон рельстен шығып, біздің үйімізге жақын жерде құлап кеткен жағдайлар да болды. Балаларды далаға жіберуге қорқамыз», — деп шағымданды тұрғындар.  



sputniknews.kz