Нұр-Сұлтанда 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

0
1296
Сурет: EEddii

Нұр-Сұлтанда Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға 7 293 теңгеден (17 доллар) берілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Айта кетейік, жыл сайын елордада 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) мерекесіне орай көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға 2,5 АЕК (7293 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.

Мұндай шешімді Астана қаласының мәслихаты 2017 жылдың 12 желтоқсанында қабылдады. Тізімді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы ұсынады.

2021 жылы 23,8 мың адам әлеуметтік төлем алды.