Нұр-Сұлтанда 2 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға тегін барады — Қазақстан жаңалықтары
Еліміздің бас қаласында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан екі мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға тегін барады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәслихат кезіндеді мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Сурет: Ernur.kz
«Балабақша туралы кез келген сұраққа жауапты біздің басқармаға хабарласып немесе жақын жердегі балабақшаға барып білуге болады. Яғни мемлекеттік балабақшада кеңес беру қарастырылған. Бұдан өзге қосымша ақпарат алып, тіркелу үшін электронды базамызға кірулеріңізге болады. Сондай-ақ, өзімнің ұялы телефон нөмірімді жарияладым, маған тікелей хабарласа аласыздар», — дейді Әнуар Жанғозин.
Естеріңізге сала кетсек, қала әкімдігіндегі барлық құзырлы басшы – әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары телефон нөмірлерін өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Әнуар Жанғозиннің нөмірі +7 776 125 57 71.
stan.kz