Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

0
2

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369 адамға жетті, оның 184-і Нұр-Сұлтанда. 26 адам жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендеріндегі 15 кіреберіс карантинге жабылды, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Коронавирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді.

«Тұрғындар үй карантинінде отыр. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды», – делінген хабарламада.

Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша кіреберістер карантиннен алынады.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі жасар бала коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369 адамға жетті. 26 адам жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz