Нұр-Сұлтанда 100 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақмола облысының тұрғыны Полина Силина коронавирусты жеңіп, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Аршалы аудандық ауруханасының дәрігерлері «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) қамқорлығындағы қарттармен, оның ішінде мамыр айының басында 100 жасқа толатын Силина Полина Алексеевнамен қоштасты. Ол COVID-19 коронавирусынан толықтай айықты», — деді денсаулық сақтау министрлігі.

Өз кезегінде, бір ғасыр жасаған қарт әжей дәрігерлерге алғысын айтты.

«Рақмет, қымбаттыларым! Бәріне рақмет! Мен сендерді әрдайым есімде сақтаймын, сендер үшін әрдайым дұға етемін!» — деді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай басқа сырқаттарды емдеу үшін үлгі болып қана қоймай, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қарт және жағдайвы ауыр пациенттерді емдеуге болады деген сенімін нығайтады.

 

 

 

stan.kz