Нұр-Сұлтанда 1 маусымнан бастап балабақшалар ашылады — Қазақстан жаңалықтары
Нұр-Сұлтанда 1 маусымнан бастап балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.
«18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы», — деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ ол 1 маусымнан бастап елордадағы барлық мектепке дейінгі білім беру орындары мен балабақшалар қалыпты жағдайда жұмыс істеулерін бастайтынын алға тартты.
stan.kz