Нұр-Сұлтан тұрғыны дәріханада есінен танып құлаған адамның телефонын ұрлап кеткен

0

Бұған дейін сотталған 31 жастағы елорда тұрғынын криминалдық полиция қызметкерлері ұстады

Тергеу барысында күдіктінің күндіз дәріханаға кіріп, келушілердің біреуінің ауырып еденге құлағанын көргенін анықтады.

Қызметкерлер мен басқа да келушілер науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Осы кезде күдікті жағдайды пайдаланып, ер адамға тиесілі құны 100 мың теңге тұратын «Samsung» маркалы телефонды ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Полиция ұстаған кезде ер адам өз кінәсын мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адамның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті қырағы болуды және шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ұсынды.