Нұр-Сұлтан рейсінің тарифтері жолаушылар үшін тиімді
«АвиаПорт» агенттігінің атқарушы директоры Олег Пантелеев FlyArystan лоукостері ұсынып отырған Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейсінің тарифін қолжетімді әрі тартымды дейді
НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Сарапшының пікірінше, арзан билет бағасы мен әуе компанияның табыс табуы арасындағы тепе-теңдікке жетуге болады. Бұған бүкіл әлемдегі лоукостерлер дәлел.
«Бұндай тепе-теңдікке жетуге болады және лоукост-модель қаржы жағынан ең жетілген боп саналады», — деді Олег Пантелеев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, FlyArystan лоукостерінің Мәскеу – Нұр-Сұлтан әуе рейсінің билеті 20 мың теңгені (52 доллар) құрайды. Бұл баға жолаушылар үшін тартымды болып қана қоймай, еуропалық әуе компаниялар деңгейімен пара-пар. Бұл тұста ұшу ұзақтығы мен рейстің халықаралық екенін де ескерген жөн.
Тағы оқыңыз: Ресей Қазақстанға бюджеттік әуе жолдарын дамытуды ұсынды
sputniknews.kz