Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, СҚО, Көкшетау

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. «Қазгидромет» РМК 27-29 тамыз күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, жаздың соңғы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.

«Алдағы тәулікте ауа температурасы төмендейді, бірақ 29 тамызда қайта жоғарылайды деп болжанып отыр. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында 29 тамызда найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууы мүмкін», — делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, оңтүстікте күн бұрынғыдай ыстық болады, сынап бағанасы 28-37°С дейін көтеріледі.

Дабылды ескерту

27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл көтеріледі, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с дейін барады.

Петропавлда да – найзағай, дауыл, бұршақ. Солтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең найзағай жарқылдайды деп болжануда.

Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Ертең Ақмола облысының кейбір аймағында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады.

Көкшетау қаласында да – найзағай, бұршақ. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.



sputniknews.kz