«Нұр-Сұлтан, Қазақстан!» Шымкент әкімі елорданың жаңа атауын қолдап, халыққа ұран тастады
Қалада 20 мыңнан астам көрермен «Нұр-Сұлтан, Қазақстан!» деп дауыстап, қолдау білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Шымкенттіктер еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдады, деп хабарлайды жергілікті Отырар басылымы.
Шымкентте өткен халықаралық Ashyk aspan фестивалінде тұрғындарды мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен көпке танымал рэп орындаушы Nazimа елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтындарын мәлімдеген.
Олардың үндеуін іліп алып кеткен 20 мыңнан астам көрермен «Нұр-Сұлтан, Қазақстан!» деп ұрандата жөнелді.
Фестиваль танымал әнші Nazima-ның концертімен аяқталды. Ұйымдастырушылар Шымкенттің аспанын жап-жарық еткен мерекелік отшашу сыйлады.
sputniknews.kz