Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған және Теміртауда сабақ болмайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

https://sputniknews.kz/images/439/30/4393045.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20200128/12662985/Nur-Sultan-Qaragandy-sabaq.html

27 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан билігі төтенше жағдай режимін енгізді, Қазақстанның астанасында боран басылмай тұр, бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Оқушылар мен колледж студенттері ауа-райының нашарлауына байланысты бірнеше күн бойы мектепке барған жоқ.

«28 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып  оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

Тағы қандай қалаларда сабақ тоқтатылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыда бірінші ауысымның 0-11 сыныптарына сабақ болмайды, ал Жезқазғанда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары мектепке бармады. Теміртауда бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылғаны жарияланды.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты 

Шығыс Қазақстан облысында қатты желдің салдарынан Ұлан ауданында  (Азов, Троицк, Гагарино ауылы, Қасым Қайсенов елді мекені) бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушыларына, сондай-ақ Курчатов қаласында бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.  



sputniknews.kz