Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы қаза тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында үш автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция хабарлағандай, 26 наурыз күні Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында қала маңына қатынайтын №303 автобус пен №12 бағдарлы автобус соқтығысқан. Кейін оларға №53 қоғамдық көлік пен жедел жәрдем көлігі соғылды.

«Жол апаты салдарынан №303 автобустың жүргізуішісі мен бір жолаушысы қаза тапты», — деп мәлімет берді полиция департаменті.

Қазір полицейлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, көлік апатының мән-жайы анықталуда.



sputniknews.kz