Нұр-Сұлтан қаласына кімдер кіре алатыны белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қаланың медициналық ұйымдарына емделуге келе жатқан азаматтарға блок бекеттен өтуге рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова карантин кезінде кімдер елорда аумағына кіре алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Карантин жарияланған Нұр-Сұлтан қаласының аумағына медициналық анықтамасы бар азаматтардың кіруіне және шығуына рұқсат етіледі», — деді Қисықова онлайн брифингте.

Блок бекет арқылы кіруге рұқсат алған азаматтың қасында екі адамнан артық болмауы тиіс.

Өзімен бірге төмендегі құжаттарды көрсетуі тиіс:

Диагноз бен емдеу шұғылдығын растау үшін аумақтық емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;

Карантин аймағында орналасқан медициналық ұйымның шақыру хаты. Құжатта диагнозы мен шұғыл ем алуы қажеттігі көрсетіліп, бірінші басшының қолтаңбасы мен мөр қойылады.

Қалған азаматтарға қатысты шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

Сонымен қатар, әр блок бекетке орта медицина қызметкерлері бекітіледі. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

Астанаға аумағына кірген барлық адам он төрт күнге үй карантиніне алынады.



sputniknews.kz