Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Фото: КазТАГ
Елде үш өңір коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер — «жасыл» аймақта. Еске салайық, кеше елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады.
Сондай-ақ сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды. Бұдан бөлек, православ христиандарының Шоқыну мерекесіне орай жаппай суға шомылуға тыйым салынды. Өткен бәр тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 972 адамнан анықталды.