Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының коды өзгерді – Қазақстан жаңалықтары

0
15

«Нұр-Сұлтан» әуежайының коды өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының коды өзгерді

«Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының TSE үш әріптік кодын NQZ етіп өзгерту туралы ресми ресми шешім қабылданды.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі IATA басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлемдегі үш әріптен тұратын әуежай кодтарын реттеу мен өзгертуге қатысты IATA тәсілдерін өзгерту бойынша көп жұмыс жасады. Қазақстан жүргізіп отырған жұмыстардың арқасында әлемнің барлық елдері әуежайларының үш әріптік кодтарына бұрын өзгерту қиын болған өзгерістер енгізуге ерекше мүмкіндік алды», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, біздің еліміз азаматтық авиация өкілдерінің бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын әуежай кодтарын тағайындау мен өзгерту туралы IATA қарарына түзету енгізу туралы өздерінің бастамаларын қолдау мәселесін пысықтады. Бұл өзгеріс 2020 жылдың 8 маусымынан бастап ресми түрде қолданылатын болады және әуе компанияларын брондаудың барлық жүйелерінде, оның ішінде билеттерде, жолжүк жапсырмаларында, ақпараттық тақталарда NQZ жаңа әуежай коды қолданылады.

stan.kz