Нұр-Сұлтан полициясы видеоға түсініктеме берді

0
79

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жалған хабарламада оқиға Қазақстанның астанасында болғаны айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Желіде әйелдің аяусыз соққыға жығылғаны жайлы видео жарияланды, Нұр-Сұлтан құқық қорғау органдары оқиғаның елордаға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады.

Видеода ер адам көшеде келе жатқан әйелге бас салып, есінен танғанша ұрып-соғады.

Тағы оқыңыз: Жаяу жүргінші жол үстінде әжей мен әйелдің кеудесінен ұрып кетті – видео

Жаппай таралған хабарламада оқиға 22 маусым күні Нұр-Сұлтанда болғаны айтылған, кейінірек Алматы тұрғындары да мессенджерлер арқылы осындай ақпарат ала бастады, онда оқиға оңтүстік мегаполисте болған делінген.

«Видеодағы оқиға өзге елде болғанын хабарлаймыз. Полицейлер жалған авдиохабарламаны жіберген адамды анықтау шараларын қабылдап жатыр», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Бұл бап бойынша айыппұл салу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



sputniknews.kz