Нұр-Сұлтан орталығында полиция азаматтарды ұстап жатыр

0

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республика көшесі маңында жүрген азаматтарды полиция ұстап жатыр.

Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратып жатыр:

Ұсталғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ тікелей эфирде ақпарат таратып жатқан Азаттық тілшілерінің шамалауынша, олардың саны оннан асады.

Қолшатыр ұстаған маска таққан, қара түсті киім киген белгісіз азаматтар Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасады. Олар қолшатырмен камера бетін көлегейлеп, азаматтарды ұстап жатқан полиция әрекетін түсіруге бөгет жасады.

Бұған дейін өзін қазіргі биліктің оппоненті ретінде атайтын, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 6 шілдеде азаматтарды жаппай наразылық шарасына шақырған еді. Ол құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған. Қозғалыс тұрақты түрде жақтастарын үкіметке қарсы митингілерге шығуға шақырып келеді. «Ақша жымқырды», «адам өлтіруге тапсырыс берді» және өзге де айыптар тағылған Әблязов сырттай өмірлік жазаға кесілген. Әблязовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарып, істің саясиланғанын, биліктің өзінен өш алғысы келетінін айтқан.

Бұған дейін бас прокуратура 6 шілдеде заңсыз митингке қатысқандар жазаланады деп ескерткен еді.

Қазақстанда 6 шілде астана күні ретінде тойланады.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз