Нұр-Сұлтан оқушылары ата-аналарына ерекше сыйлық тарту етті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елорданың тарихи жерлерінде өткен квест арқылы оқушылар мен олардың ата-анасы қала жайында көптеген мағлұмат алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырған Нұр-Сұлтандағы «Ақылды балалар лагерінде» оқушылар екі апта бойы екі маңызды оқиғаға дайындалды – Астана күні мен Отбасы, махаббат және адалдық күні.


©
Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане

Оқушылар елорданың тарихи жерлерін аралады

Тәлімгерлерімен бірге олар мерекеге орай «Ескі қала әңгімелері» атты квест өткізуді жөн көріпті. Елордалық танымал өнертанушы Нелли Викторовна Шивринаның жетекшілігімен балалар Нұр-Сұлтанның ескі бөлігін аралап шықты. Осы жобаға басшылық еткен Заманауи білім технологиялары орталығының мәскеулік командасы да бұған үлкен септігін тигізді.


©
Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане

Отбасы күні мен Астана күніне орай өткен квест

«Біздің ойға алғанымыз жан-жақты іске асты: заманауи гаджеттерді, БАҚ материалдарын және ақылды кітаптарды пайдаландық. Ең бастысы, квестке балалардың ата-анасы мен достары да атсалысты. Бұл нағыз отбасылық жобаға айналды», — деді Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының балаларға арналған білім бағдарламаларының үйлестірушісі Александра Лумпова.


©
Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане

Шараға оқушылар ғана емес, олардың ата-анасы мен достары да атсалысты

Қазақстандағы Ресейдің ынтымақтастық өкілдігінің басшысы Константин Воробьёв квестке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде: «Бұл шара 8 шілде – Отбасы, махаббат және адалдық күні өтіп жатқанының өзіндік бір мәні бар. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының жобасы қатысушыларға  отбасылық салт-дәстүрді бағалау, туған өлкені сүю сияқты өмірдегі басты әрі қарапайым дүниелерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», — деп атап өтті.


©
Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане

Қатысушылар әтүрлі сыйлықтармен марапатталды

Барлық отбасыға түймедақ гүлшоғы мен Ресейдің халық әртісі Олег Погудиннің концертіне шақыру билеттері сыйға тартылды.


©
Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане

Әр отбасыға түймедақ гүлшоғы сыйға берілді



sputniknews.kz