Нұр-Сұлтан мен Алматыдан еліміздің төрт қаласына ұшақ қатынай бастайды

0
28

Рейстерде санитарлық талаптар күшейтіледі, ұшақ салонында аз жолаушы болады және олардың арасында ара қашықтық сақталады

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірнеше қалаға әуе рейсі қайта жанданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қаласына ұшуға болады. Рейстерде санитарлық талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар ұшақ салонында аз жолаушы болады, жолаушылар арасында белгілі бір қашықтық сақталады», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы арасында әуе рейсі іске қосылатыны хабарланған еді.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес, әуе қозғалысы кезінде барлық санитарлық талаптар сақталуы керек. Ұшақ жолаушыларына қойылатын негізгі талап – коронавирус жоқ екенін дәлелдейтін анықтаманың болуы. Сонымен қатар жолаушылар міндетті түрде медициналық бетперде тағып, бір-бірінен қашық отыруы тиіс.



sputniknews.kz