Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы карантин: Қай қала тұрғындарының жолы болды? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанға шетелден оралған әнші Калия мен блогер Әлішер Елікпаев карантинге жатқызылыпты. Stan.kz редакциясыАлматы мен Нұр-Сұлтандағы карантин орындары несімен ерекшеленетінін анықтап көрді.

Әнші Калия жақында Алматыға Мәскеуден оралыпты. 

«Әуежайға келместен жатып, бізді суық бөлмеге екі сағат отырғызып қойды. Төлқұжаттарымызды алып алды, ешкім ешнәрсе айтпады, түсіндірмеді. Содан кейін суық автобусқа отырғызып, сынама жасатуға жатақханаға алып барды. Тағы екі жарым сағат бізді суық автобусқа қамап ұстады. Онда балалар мен қарттар да болды. Не сыртқа шығуға, не су сатып алуға рұқсат бермеді. Полицейлер «Шыдаңдар» деп дөрекі жауап қайтарды», — дейді әнші. 

карантин

Сөзінше, сол күйі сараптама ешкім жасамапты, себебі азаматтардың құжаттары әуежайда қалып қалған. 

«Жатқан жеріміз мынау. Төрт адам бір бөлмеде жатыр. Бір ғимаратта бір шайнек. Бөлмелер суық. Қабат-қабат киініп алып жүрміз. Айтып кетерлік, жайт арамызда vip-класспен келген бірде-бірде біреу жоқ», — дейді Калия. 

Нұр-Сұлтанда карантинде жатқан блогер Әлішер Елікпаевтің жайы мүлдем бөлек. 

«Карантинде жатқаныма екі күн болды. Сынама нәтижелері ертең шығады», — деп жазыпты блогер. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда бірден үш қонақ үйді кәсіпкерлер карантинге жіберілгендерді жатқызуға арнапты. Атап айтсақ, елордалықтар үшін  «Турист», «Рамада», «Алау» қоанқ үйлері арналыпты.

карантин

 

 

 

stan.kz