Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

23 0 0

Үкімет салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Бірінші мамырдан бастап астана мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды», — деді мемлекет басшысы. 

Айтуынша, мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет.

Президент барлық қауіпсіздік шарасын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев төтенше жағдай режимін ұзартатынын мәлімдеді

Айта кетсек, Тоқаевтың жарлығымен елімізде төтенше жағдай мерзімі он бірінші мамырға дейін ұзартылды.



sputniknews.kz