Нұр-Сұлтан Мельница мейрамханасы өртенді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жалынды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші жұмылдырылды

 

НҰР-СҰЛТАН, 6  тамыз — Sputnik. Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің пультіне сағат 15:09-да «Мельница» мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабар түсті.

 

Оқиға орнына бірден төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі аттанды. Олар мекен-жайға сағат 15:12 –де жетті. «Мельница» мейрамханасына жапсарластырып салынған орынжайдың шатыры өртеніп жатқаны анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы аспанын қою қара түтін басты — видео

Қазіргі уақытта жалынды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдар ғимараттан шығарылды.  



sputniknews.kz