Нұр-Сұлтан маңында лауазымды полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

0
556

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кенті ауданында оқыс оқиға болды. Полиция қызметкері жол-көлік апатынан көз жұмды.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кенті ауданында оқыс оқиға болды. Полиция қызметкері жол-көлік апатынан көз жұмды.

Елордалық полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«30 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, Lexus GS 300 автокөлігін аударып жіберген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкері 35 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті Ақмола облысының полиция департаментінде тіркелген, тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Көлік рөлінде тағы бір полиция қызметкері отырған.