Нұр-Сұлтан маңында 12 жасар қызды үш тұрғын алты ай бойы зорлаған
Елорда маңындағы Қараөткел ауылында сұмдық жағдай. Елді мекеннің үш тұрғыны 12 жастағы қыз баланы жарты жыл бойы зорлап келген. Айуандыққа барғандар жасөспірімге көрген қорлығын айтып қойсаң, өзіңді жаманатты етеміз деп қорқытқан. Қыз баланың жақындары қылмыстың барлық дәлелдері бар болса да, полицейлер күдіктілерді бостандыққа жіберіп қойды дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Соңғы рет осыдан бір жеті бұрын үш жігіттің екеуі апам пиғылын осы жерде іске асырған. Оның бірі әргіректе өзге адам қоймасын деп аңдыса, екіншісі осы жерде қыз баланы зорлаған. Өкініштісі сол, мына аумақ мектеп жанында орналасқан. Мектеп, әрі стадион. Яғни бұл жерге елді мекен тұрғындары келіп жаттығады. Бірақ олардың ешқайсысы сұмдық жағдайдың болып жатқанын байқамапты».
Жасөспірімнің анасы қорлық жасалған орынды үш жігіттің бірі өз аузымен айтқанын жылап тұрып жеткізді. Оның сөзінше, мұндай жағдай соңғы жарты жыл бойы жалғасып келген. Келіншек жағдайды естігенде, өз-өзіме қол сала жаздадым, дейді. Қазір қызы үшін қам жейді. Өйткені ол күйзеліске түсіпті.
ӘСЕМ:
«Осыдан бір жеті бұрын болған. Ең соңғы рет. Оны қызым емес, оны зорлаған жігіттің біреуі айтты».
Жәбірленген қыз баланың анасы полицияға бар дәлелді жеткіздік дейді. Тіпті, сұмдық оқиға орнынан мүшеқап та табылған. Жасөспірімнің гинекологқа да көрсеткен. Дәрігер қыздың зорланғанын растаған. Ол аз десеңіз, мына видеода күдіктілердің бірі жасағанын мойындаған.
Бірақ, айғақ бола тұра полиция 24-25 жастағы күдіктілерді бостандыққа жіберіп қойыпты. Тіпті, қылмыстық іс те қозғалмаған.
ӘСЕМ:
«12-сі күні біз бір баланы ұстап алып, участковыйға звондадым. Участковый мен опер группа келді. Жазып алып кетті арызды. Бірақ осы күнге дейін әрі ештеңе бітірілген жоқ».
Біз Ақмола облысының полициясына хабарластық. Алайда құзырлы орган эфир басталғанша еш жауап қатқан жоқ. Іс сол күйі жылжығанын бз біле алмадық. Ал, зардап шеккен тарапқа сенсек, зорлаған үшеудің біреуінің отбасы бар. Зардап шеккен тарап жауапты органдардан көмек сұрайды.