Нұр-Сұлтан колониясында 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан азаматтары ДАИШ* террористік ұйымының қатарында ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты ашық сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінен.
Тергеудің мәліметінше, айыпталушылар бұрын ДАИШ* содыры болған. Олар «Жусан» арнайы операциясы аясында Қазақстанға оралды.
Он төрт қазақстандыққа террорлық әрекетке қатысты, терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды.
Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық
Олардың бірі ауруханада, ол процеске видеоконференция арқылы қосылады.
Жалпы ҰҚК мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірге Сириядан 595 қазақстандықты қайтарды, олардың 400-ден астамы балалар.
Қазақстанға оралған он ер адам мен бес әйел түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.
«Жусан» операциясы
«Жусан» – қазақстандықтарды Сириядағы ұрыс алаңдарынан қайтару мақсатында 2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өткізілген арнайы операция.
Соңғы рет операция 28-31 мамыр аралығында өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отанына оралған балалар арнайы орталыққа орналастырылғанын мәлімдеді, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
* ДАИШ – Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым
sputniknews.kz