Домой Жаңалықтар Нұр-Сұлтан іргесінде ұшақ құлап, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан іргесінде ұшақ құлап, бір адам қаза тапты

0
135

20 маусымда Ақмола облысының Родина ауылында Ан-2 ұшағы құлап, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

«Ан-2 ұшағы 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан он шақырым жерде егістікті дәрілеу кезінде құлады. Апаттан ұшқыш қаза тауып, екі экипаж мүшесі жарақатып, күйіп аурухаға түсті» деді комитет өкілі.

Апат себебі анықталып жатыр.

Осыдан үш ай бұрын, 28 наурызда Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлап, бортта болған 13 адам түгел қаза тапқан. Билік тікұшақтар қас қарайған әрі ауа райы қолайсыз уақытта арнайы әскери жаттығуға қатысқан деп мәлімдеген.

Azattyq