Нұр-Сұлтан Covid-19 бойынша «қызыл» аймаққа енді

0

Қазақстанның астанасы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

«Қызыл» аймақта тұрған өңірлер қатарында Павлодар облысы да бар.

Ал бұған дейін «қызыл» аймақта болған Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймаққа ауысты. Қазір «сары» аймақта Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы да бар.

Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа кірген.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан «жасыл» аймақта тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте елде 777 адам коронавирус жұқтырды. Осымен екінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны бойынша астана бірінші орында тұр.