Нұр-Сұлтан бүлдіршіндер балабақшада маска кие ме? — Қазақстан жаңалықтары

0

Елорда 49 күн бойы карантинде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Шектеу шаралары жеңілдетілді, бірақ бұл коронавирустың таралу қаупінің жойылғанын білдірмейді.

Сондықтан келесі аптада ашлуы жоспарланып отырған балабақшаға бару үшін баланың эпидемиологиялық орта туралы анықтамасы болуы керек. Құжат тұрғылықты жердегі емханада болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта емханаға бармай-ақ, қашықтан анықтама беру мәселесі пысықталуда. Барлық балабақша қызметкерлерінде COVID-19-ға теріс сынақ туралы сертификаттар болуы керек.

Мектепке дейінгі мекемелерде қауіпсіздік шараларын қатаңдату қолға алынды. Атап айтқанда, дезинфекциялық заттарды қолдана отырып дымқыл тазарту күніне кемінде үш рет жүргізіледі.

Балабақшаларға бару барлық адамдар үшін ашық бола бермейді — балалар тек кезекші деп аталатын топқа қабылданады. Бөлменің көлеміне қарай оған 15-тен 25-ке дейін бала кіре алады.

«Балалар маска тақпайтын шығар. Әзірге біз бұл мәселені толық шешкен жоқпыз, бірақ біз осы сұрақты қолға аламыз. Күні бойы баланың маскада жүруі ыңғайсыз, бірақ кезекшілік тобына кіретін балаларды тұмауға және тыныс алу органдарының аурулары мен коронавирус инфекциясының белгілеріне тексеріледі. Байланыссыз термометрия міндетті болып табылады», — дейді Гүлнәр Қалиева, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті бөлімінің бастығы.

stan.kz