Нұр-Сұлтан, Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Түркістан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Синоптиктер сәрсенбі күні елімізде ауа райы қандай болатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Қазгидромет елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейтінін айтты. Тек батыста ертең жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін.
Дауылды алдын ала ескерту хабары
Қызылорда облысында 9 мамырға дейін шаңды дауыл мен 25 м/с жел болады деп ескертіліп отыр.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан қаласында күн ала бұлтты болады. Күндіз плюс 28-30 градус, түнде 9-11 градус жылы.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер алдағы мереке күндеріне ауа райы болжамын ұсынды
Алматыда көшпелі бұлт, күндіз плюс 22-24, түнде 8-10 градус нөлден жоғары.
Шымкентте де жауын-шашынсыз, күндіз 29-31 градус ыстық, 12-14 градус жылы болады.
Өңірлердегі ауа райы болжамы
- Қызылорда облысында түнде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде шаңды дауыл болады.
- Түркістан облысында да қатты жел, секундына 15-20 метр шамасында.
- Маңғыстау облысында сәрсенбі күні күн күркірейді.
- Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау өңірлерінде тұман болуы ықтимал.
sputniknews.kz