Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан, Маңғыстау

0
0
Advertisement

Елдегі жеті бірдей өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр. «Қазгидромет» 23 мамыр күніне арналған ауа райы болжамын бөлісті

НУР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Сенбі, 23 мамыр күні өңірлерде жел күшейіп, жауын-шашын болады.

Дабылды ескерту

Солтүстік Қазақстан облысында сенбі күні күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. 

Қостанай облысында күн күркірейді. Оңтүстік желдің жылдамдығы – 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында дауыл болып, бұршақ жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында күн күркірейді, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Екпіні – 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысында жел оңтүстіктен соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында күн күркірейді. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада күндіз күн ашық, +27, түнде +13.

Алматыда күндіз +24, түнде +16.

Шымкентте желді күн ыстық болады. Күндіз +31, түнде +18.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз