Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда
Қысқа сілтеме алу
Нұр-Сұлтан мен жеті өңірде дабылды ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. 5 маусым күні астанада дауыл соғып, бұршақ жауады. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтілуде.
«Атмосфералық фронталды өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын болады. Солтүстікте қатты жаңбыр жауады, тек батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз», — деп хабарлады Қазгидромет.
Тағы оқыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті — видео
Сондай-ақ, бұл күні найзағай ойнап, жел көтеріледі, дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте тұман күтілуде.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 5 маусым күні найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз елордада ауа температурасы 19-22 градус жылы, түнде +15-17°.
Алматыда күндіз 24-26 градус жылы болады. Түнде +15-17 градус.
Шымкент қаласында 29 градус ыстық. Жауын-шашын болуы мүмкін. Түнде 20 градус жылы.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, дауыл, бұршақ, 15-20 м/с жел болады.
Шығыс Қазақстанда жел күшейіп, жылдамдығы 25 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ болады.
Павлодар, Жамбыл облыстарында жел, нөсер болады. Бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қостанай облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с, бұршақ күтіледі.
Түркістан облысында 15-20 м/с жел, дауыл болады.
Күндіз Қызылорда өңірінде 15-20, 23 м/с жел, шаңды дауыл.
Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстанда кей жерлерде 15-20 м/с жел болады.
Маңғыстау облысында түнде және күндіз тұман, 15-20 м/с жел, күндіз аптап ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде өрт шығу қаупі бар.
sputniknews.kz