Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы

0

Sputnik Қазақстан 23 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 24-ші шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «JasA!» жобасының аясында «Жастар жұмысы және жастар тобын басқаруДЫ қолдау» тақырыбына арналған семинар-тренинг өтеді. Жастар жылында жастардың креативтік, урбанистік бастамаларына қолдау көрсетіледі. Бұл жобаларды жастар өздерінің елді мекендері мен қалаларында іске асырады. Жобаға республика бойынша 600 адам қатысады. Үздік деп танылған 100 әлеуметтік жобаға шағын гранттар бөлінеді. Семинар бағдарламасы төрт күнге жоспарланған («Тенгри» қонақүйі, Бейімбет Майлин көшесі, 1а. Аккредитацияны +7 778 236 17 78 телефоны арқылы жасауға болады).

09.00 – Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мәселесі қаралады (+7 (7172) 74 58 64 телефон нөмірі немесе press.kpm@mail.ru электрондық поштасы арқылы аккредитациядан өтуге болады).

16.00 – Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен  кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХХVII сессиясында берген тапсырмасын орындау мәселесі қаралады (Ұлттық академиялық кітапхана, Достық көшесі, 1. Байланыс телефондары:  +7 (7172) 76 70 87, +7 708 353 98 43).

АЛМАТЫ

11.00 — «XIX-XXI ғасырдағы Қытайдың кескіндемесі» атты көрме өтеді (Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, «Көктем» шағын ауданы 3, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (727) 394 57 15).

24 шілдеге жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 –  ТМД елдерінің жоғары әскери-оқыту ұйымдары курсанттарының арасындағы тұңғыш әскери-спорттық ойындар басталады.  Шара Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналады. Жарысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның 200 спортшысы қатысады. Ойын барысында әскери қоян-қолтық ұрыс, шағын футбол, спорттық бағдарлау, әскериленген кросс, пневматикалық винтовкадан ату және арқан тарту сайыстары болады (ҚР Қорғаныс министрлігі әскерінің спорт клубының оқу-жаттығу орталығы).

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

09.00 – Глубоковский ауданындағы Ушаново ауылының тұрғындары Өскемен қаласының медициналық мекемелерінің дәрігерлерімен кездеседі. Жиын «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы аясында өткізіледі. Мақсат – дерттердің алдын алу және халықты денсаулыққа бей-жай қарамауға шақыру (Байланыс телефоны: +7 (7232) 25 48 57).

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

09.30 – 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы теннистен Қазақстан Кубогының ашық командалық турнирі өтеді. Оған Қазақстанның 12 өңірінен 18 команда қатысады (Ұлттық теннис орталығы, Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 20Д, Байланыс телефоны:: +7 702 842 77 47).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 



sputniknews.kz