Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы

0

Sputnik Қазақстан 11 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 12 және 13 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығы мен балалар нейрохирургиясы халықаралық мектебінің ІІ съезі өтеді. Жиынға қатысу үшін астанаға 15 елден 250-ге жуық маман келеді («Rixos President Astana» қонақүйі, «Жеруйық» залы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7. Аккредитация +7(7172) 62 11 24, +7 777 999 52 29 телефон нөмірлері арқылы жүргізіледі).

12.00 – Қорғас қаласының (ҚХР) туристік әлеуетінің таныстырылымы өтеді. Қазақстан-Қытай туризмін дамыту мүмкіндіктері талқыланады («Ritz-Carlton» қонақүйі, Достық көшесі, 16. Аккредитацияны +7 701 949 88 09 телефоны арқылы жасауға болады).

13.00 — Қостанай облысының Краснооктябрь учаскесіне пресс-тур ұйымдастырылады. Ол жерде мырыш кенін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қозғалыс схемасы: Нұр-Сұлтан – Қостанай, Қостанай – Қамысты және Таран аудандары (Жиналатын орын: «Москва» бизнес орталығы, Достық көшесі, 18, +7 701 701 01 34 телефон нөмірі немесе press_kazgeolog@mail.ru электронды поштасы арқылы аккредитация жасауға болады).

15.00 – автокөлік жолдары мен көлік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған конференция өтеді. Жиын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жетекшілігімен өтеді (Сейфуллин көшесі, 37. Аккредитацияны adgspkkz@gmail.com электронды поштасы арқылы жасауға болады).

АЛМАТЫ

10.00 – Жастар денсаулық орталықтарын дамытумен айналысатын ресурстық орталықтың ашылуы (Төреқұлов көшесі, 73. Аккредитация + 7 701 765 40 10 нөмірі немесе teltayeva@unfpa.org электронды поштасы арқылы жасалады).

12.00 — Eco Day өтеді. Эко-блогерлер мен белсенділер қатысады. Олар тұрмыстық қалдықтарды дұрыс бөлу, экологиялық сауаттылық мәселесін талқылайды (Stol_Project, Ботаникалық бақ, 21).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

11.00 – ет өңдеу кешенінің ресми ашылуы болады. Кешенде сиыр еті америкалық технология бойынша өндірілетін болады (Щучинск қаласы. Аккредитацияны +7 702 500 62 11, +7 701 705 04 16, +7 7172 72 80 62 телефон нөмірі арқылы жасауға болады).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

12.00 – мыс кен орнын іздеуге арналған инновациялық геофизикалық технология іске қосылады. Дронмен аэромагниттік түсірілім жасалады. Сондай-ақ, мыс кен орнын анықтауға арналған «OneVision IP»  зондтаудың жаңа технологиясы қолданылады (Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Озерное учаскесі, Қарағандыдан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км жерде).

12 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.30 – пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты (Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Байланыс нөмірі +7 701 979 90 01, pr@paralympic.kz электронды поштасы).

12.30 – пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылуы. Әлем біріншілігіне 79 елден 450-ден астам атлет қатысады. Қазақстан құрамасы әр салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Ел құрамасының құрамында Рио-2016 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ, 2018 жылы Индонезияда өткен Азия пара ойындарының жүлдегерлері Давид Дегтярев, Рахмеджан Хамаев, Алина Солодухина және Гүлбану Әбдіқалықова сынға түседі (Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Байланыс нөмірі +7 701 979 90 01, pr@paralympic.kz электронды поштасы).

19.00 – «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» концерті. Қазақ музыкасы кешінің концерттік бағдарламасына халық әндері, сал-серілердің (Ақан сері, Біржан сал, Естай және басқалары) әндері, отандық сазгерлердің вокалдық және аспаптық туындылары, ұлттық опера классикасының ариялары енген («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

13 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 –  «Нонак»  корей дәстүрлі өнерінің концерті (Есіл жағалауындағы амфитеатр, орталық саябақ). Шараға кіретін билетті Корей мәдени орталығынан алуға болады (Иманов көшесі, 13, «Нұрсәулет-2» бизнес орталығы).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

12.00 – Baqytty Bala 2019 балалардың вокалдық фестиваль-байқауының финалистері өнер көрсетеді («Өнер орталығы» концерт залы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90Б. Байланыс телефондары:  +7 775 574 30 34, +7 747 876 7565).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz