Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары қашып жүр

0
9

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

LRT құрылысы бойынша тергеу аяқталды. Оннан астам адам жауапқа тартылып жатыр, ал шетелге қашып кеткендер іздестірілуде

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі LRT құрылысы кезінде қыруар қаржының ұрлануына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

№2 департаменттің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, қылмыстық істі тергеу аяқталғаннан кейін онымен танысу шаралары басталады. Шығынның жалпы көлемі – 5,7 миллиард теңге.

«Бүгінде осы іс бойынша 10-нан астам адам жауапқа тартылып отыр. Ал қашып кеткендерді іздестіру шаралары жалғасуда. Интерпол арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Біз олардың қайда жасырынып жүргенін білеміз. Бірақ тергеу мүддесі үшін айта алмаймын», – деді Перов.

Оның сөзіне қарағанда, жауапқа тартылып жатқандардың ішінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары, «Astana LRT» ЖШС мен мердігер компаниялардың өкілдері бар.

«Үш адамға іздеу жарияланды. Олардың ішінде әкімнің бұрынғы орынбасары да бар», – деп атап көрсетті Перов.

«Бас тарта алмаймыз»: вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты

Айта кетейік, LRT құрылысы бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, «Astana LRT» бұрынғы басшысы Талғат Ардан және мердігер компанияның жетекшісі Абдухамитов іздеуде жүр. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық схеманы Сұлтанбеков пен Ардан ұйымдастырған. Олар әкімдікке қарасты басқарма мамандарының көмегімен құрылыстың шығыстарын артық көрсетіп, ақшаны жымқырған.



sputniknews.kz