Нұр Отанда денсаулық сақтау мәселесі талқыланды

0

Отырысқа Мәжіліс депутат­тары, Денсаулық сақтау, Ин­­вестициялар және даму, Ұлт­тық экономика, Білім және ғы­лым, Ақпарат және коммуника­циялар, Ауыл шаруашылығы ми­нистрліктерінің, Бас про­кура­ту­раның, қоғамдық ұйымдардың жә­не оқу орын­дарының өкілдері қа­тысты. Қаралған мәселе бо­йынша алдымен Денсаулық сақ­тау министрінің орынбасары Лә­з­зат Ақтаева баяндама жасады. 

Жиында бүгінгі таңда қо­ғамды алаңдатып отырған мәсе­лелердің қатарында сани­тар­лық-эпидемиологиялық ба­қылау талаптары мен нормаларын сақтау, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет сапасын бақылау мәселелері аталды. Сонымен қатар жалпы ин­фекциялық ауру мен улану, өліммен аяқталу сияқты қоғамда жағымсыз пікір қалыптастырған басқа да жағдайлар орын а­лған сәтте тиісті мемлекеттік ор­ганның уәкілеттігіне шектеу қою кері әсерін беретіндігі айтылды. Оған қоса, шұғыл тексеру қағидаттарының болмау­ына байланысты кәсіпкерлік субъектілер қателіктерін жылдам түзеп, жіберген кемшіліктері үшін жазадан құтылып кетуде. 

Сондай-ақ тәуелсіз сараптама, соның ішінде тәуелсіз ме­ди­циналық сараптама, тәуел­сіз сарапшы мәртебесі мен сарапшылық қызмет көр­се­ту та­лаптарына қатысты норма­тив­тік-құқықтық база жетіл­меген. 

Сөз сөйлеушілер денсаулық сақтау саласында аурудың алдын алуына қайта бағдарлану қажеттілігі жөнінде айтты. Оның ішінде өзекті мәселелер ре­тінде міндетті екпе, жұқпалы жә­не жұқпалы емес аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын насихаттау, халықтың ақ­па­­рат­тандыру деңгейінің төмен­­дігі назарға алынды. Баян­да­машының айтуына қарағанда, соңғы жылдары елімізде созылмалы және жұқпалы ауруларды анықтау мен емдеуге жұмсалатын шы­ғын өскен. Осы мақсаттарға кете­тін барлық шығындар 95 пайыз­ды құраған.

Сонымен қатар денсаулық сақтаудағы жалпы қаражат көле­мінің тек 3 пайызы ғана біздің елімізде алдын алу іс-шара­ларына жұмсалады, ал ЭҚДҰ мемлекеттерінде бұл көрсет­кіш 10 пайызды құрайды. 

Отырыста кәсіпкерлердің алдында кездесетін кедергілерді алып тастау, қоғамдық ден­сау­лық сақтау қызметі саласы үшін кадр даярлау, қоғамдық бір­лестіктердің өнімдер мен тауар­лар сапасын қамтамасыз етудегі рөлі, т.б. мәселелер талқы­ланды. 

Жиын нәтижесі бойынша Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдардың атына ұсыныстар әзірленді. 

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз