Nur Otan съезінде Назарбаевтың көңілі босап кетті – видео
Қысқа сілтеме алу
Съездегі әсерлі сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды
АЛМАТЫ, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының съезінде көзіне жас алды.
Съездің соңында депутат Бекболат Тілеуханның орындауындағы «Елім менің» әні көптің көңіл шерін қозғады. Айта кетейік, бұл әннің сөзін Елбасы жазған. Съезд аяқталған соң партиялықтар бір-бірінің қолын қысты.
Елбасы президент сайлауын не үшін кезектен тыс өткізу қажеттігін түсіндірді
Сейсенбі, 23 сәуірде алдағы президент сайлауына арналған Nur Otan партиясының XIX кезектен тыс съезі өтті. Партия мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтататыны туралы 19 наурызда мәлімдеді.
sputniknews.kz