Nur Otan партиясының туы жұлып алынды (видео)

0

Бүгін Шымкентте өткен наразылық акциясында тұрғындары Nur Otan партиясының филиалындағы туды жұлып алды. Партиядағылар мұндай әрекетке барған тұлғалардың үстінен шағымданбайтынын айтты.

Шымкенттегі наразылық акциясы: Nur Otan партиясының туы жұлып алынды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Nur Otan партиясының баспасөз қызметінің жетекшісі Максим Споткайдың сөзінше, туды жұлып алғандардың жауапқа тартылып-тартылмайтынын құқық қорғау органдары шешеді.

«Оны жауапты құқық қорғау органдары өзі шешсін. Бұл партияның жұмысы емес. Егер заң бұзылса, олар бұл жұмыспен өздері айналысады. Туды жұлуға қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ, біз ол жайлы естімедік», – дейді Споткай. 

 

Қазіргі уақытта Nur Otan партиясының филиалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

«Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалында бәрі дұрыс. Бағана жиырма шақты бұзақы жігіт келіп, осы жерде заңсыз әрекеттер жасаған. Олармен сөйлесіп, жағдайды түсіндіріп, талап-арызын тыңдағаннан кейін,  олар басқа органдарға шағымданамыз деп кетіп қалды. Ғимаратта қазір бұзақылық, қирату, ондай ештеңе жоқ», – дейді партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

Айта кетсек, маусымның 27-сі күні, шамамен сағат 11 кезінде Арыс тұрғындары Шымкенттегі «Бекжан» базары мен «Ақмешіт» мешіті алдындағы көшені жапты. Олар Арыс қаласындағы жарылыстан кейін аталған мешітті уақытша паналап жатқан болатын. 

Шымкент қалалық әкімдігінің шенеунігі наразы халықты мешітке қарай шақырғанымен, жұрт оған бағынудан бас тартты. Әкімнің келуін күтетінін, үй мен жер беруін сұрайтынын жан-жақтан айтты. Ғабидолла Әбдірахымов Арыс тұрғындарының талаптарына жауап берді.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз