Nur Otan партиясында бірқатар ауыс-түйіс жасалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Nur Otan халықпен байланыс орнатуда жаңа әдістер пайдаланатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Әлібек Әлденей партия хатшысы болып тағайындалды, ал Болат Кальянбеков Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне келді, деп хабарлады партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей Nur Otan-ның хатшысы болып тағайындалды.», — делінген хабарламада.

Әлденей бір жарым жыл партия хатшысы болған Тамара Дүйсенованы алмастырды.

Сонымен бірге Байбек Nur Media холингінің жұмыс форматы өзгеретінін хабарлады.

«Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаев Nur Media холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!», — деп жазды Байбек Twitter парақшасында.

Бұдан бөлек Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалыпты.

«Nur Otan-ның лидері алдымызға партия жұмысын «қайта жүктеп», жас, білікті мамандарды жұмылдыруды тапсырды. Осыған орай бүгін саяси кеңестің елордалық бюросының ұсынысымен Ерлан Каналимов партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды», — деп хабарлады Байбек.



sputniknews.kz