Домой Жаңалықтар Nur Otan-нан басқа қазақстандық партиялар электоралдық кампаниялардан тыс уақытта ұйқыға кетеді –...

Nur Otan-нан басқа қазақстандық партиялар электоралдық кампаниялардан тыс уақытта ұйқыға кетеді – саясаттанушы

0
52

Қазіргі саяси процестерінің құрылымы көптеген қоғамдық процестерді жан-жақты цифрландырудың әсерінен тез өзгеруде. Бүгінгі таңда азаматтық қоғам өкілдерімен, электоратпен және қарапайым азаматтармен өзара әрекеттесу кезінде виртуалды байланыс арналарын пайдаланбайтын саяси қатысушыларды елестету қиын.

Бұл бірнеше себептерге байланысты, соның ішінде күнделікті режимде технологиялық құрылғылар мен гаджеттер арқылы қоғамдағы медиа ақпараттарды тұтынудың артуы, коронавирустық пандемия жағдайында әлеуметтік өмірдің «гибридті» режимі (қашықтықтан қолданылатын технологияларды белсенді қолдану).

Сайлау алдында партиялардың белсенділігі артқанын білеміз. Ал қазіргі кездегі мәліметтер бойынша партиялардың әлеуметтік желідегі белсенділігі қандай деген сұраққа жауап іздеп көрдім.

Төмендегі диаграммада саяси партиялардың әлеуметтік желідегі белсенділігі әртүрлі екенін көреміз. Саяси партиялар ең көп жазылушылары бар желі – Instagram. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бар болғаны 3 мыңнан сәл астам оқырманы болса, NurOtan партиясының 232 мың оқырманы бар. Facebook желісінде Ақжол партиясының ресми парақшасында 5 мыңнан астам жазылушы болса, NurOtan партиясының 22 мыңнан астам адам жазылған. Бұл цифрлар партиялардың әлеуметтік желідегі медиабелсенділігінің тікелей көрсеткіші.

Сонымен бірге, осы жылдағы 1 қаңтар мен 10 желтоқсан аралығындағы партиялардың интернеттегі аталуы туралы мәліметтерді Islam Kuraev өз парақшасында келтіреді. Бұл зерттеу Alem Research мониторингтық жүйесі арқылы жаслаған. Парламенттік партиялардың белсенділігінің жоғары екенін көрсетуімізге болады.

Мәселен, «Nur Otan» интернет-БАҚ-та аталуы партиялардың ішінде 89,4% — ын аталып өткен. Халықтық партия екінші орынды алып 3,8%, үшінші орында — Ақ Жол 3,4, ал Ауыл партисы 1,8% айтлыса, Adal және ЖСДП 1,6% жинады. Жалпы алғанда, орындарды бөлу Мәжіліс пен мәслихаттардың өткен сайлауына сәйкес келеді, дегенмен «Халықтық партия» «Ақжолдықтарға» қарағанда белсенді жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілердегі айырмашылық мүлдем жер мен көктей, «Nur Otan» партиясы «96,5% — ды» алса, ҚПК және Ақ Жол 1,4% және 1,2%. Ауыл, Аdal және ЖСДП 0,2-0,4% жинады. Бәрі де партиялардың қолында болып көрінгенімен — тек жұмыс істеңіз және нәтижелерді әлеуметтік желілер аудиториясына көрсетіңіз, бұл үлкен шығындарды талап етпейді, сапалы контент жасап, қызықты алаң ұсыныңыз.

Пост иесінің пікірінше егер динамиканы талдайтын болсақ, онда жағдайдың себебі айқын болады. «Nur Otan»-ды қоспағанда, барлық партиялар тек электоралдық кампаниялар кезеңінде (қаңтар – Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы, шілде-ауыл әкімдерін сайлау), қалған уақытта ұйқыға кетеді.

Өз кезегінде, «Nur Otan» маусымдық ауытқуларға қарамастан, «жыл мезгіліне» қарамастан, тұрақты ақпараттық белсенділікті көрсетеді.

Жарайды, әлеуметтік белсенділік партияның танымалдылығы үшін керек десек, сайлау кезінде үйіп төгіліп айтылған уәделердің орындалуы қандай жағдайда деген орынды сұрақ туындайды. Мәжіліс сайлауы өткелі 11 ай болды. Осы кезде партиялар қандай уәделерін орындай алды? Біз әрине бұл жерде парламенттік партияларды қарастырамыз.

Коммунистік деген қосымшадан құтылған Халық партиясы мәжілісте өздері үшін рекордты 10 орынға ие болған болатын, Таңданысын жасыра алмаған ҚХП көшбасшысы сайлаудан кейінгі съезде «енді бізге партиямыздың бастамаларын іске асыруға тура келеді» деп батыл мәлімдеме жасады. Экс-коммунистер көптеген уәделер берді (https://informburo.kz/…/narodnaya-partiya-kazahstana-utverd…). Өздерінің сайлауалды бағдарламасында біраз қияли ойлар айтылған болатын. Мысалға, олар ортақ зейнетақы жүйесін қайтаруға, зейнетақы жасын 60-қа дейін төмендетуге, несиелік рақымшылыққа, жеке тұрғын үй құрылысы үшін әрбір отбасына 20 сотық жер қайтаруға уәде берді.

Бұл уәделер сенген адамға керемет көрінеді, бірақ олардың орындалмайтынын балалар да біледі. Партияның веб-сайтында бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны, ол үшін не істелініп жатқаны, партия жылды қандай аралық нәтижелермен аяқтайтыны туралы бірде-бір сөз айтылмаған.

Қазір олқылықтарының орнын толтырып, әдемі картина жасау үшін экс-коммунистер қарқынды қызмет жасап жатқан сыңай танытады. Бақытына орай, депутаттық сауалдар сияқты ыңғайлы құрал бар – адресат иелері ештеңеге міндеттенбейді, есесіне бастамашылар есеп үшін материал жинақтайды. Бұл партияға «халықтық популистік партия» деп ат берсек де болады)

Кәсіпкерлер партиясымыз деп санайтын «Ақжолдықтар» партия «шағын бизнес пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толығымен босатуды» ұсынған болатын (https://akzhol.kz/partija/partijany-ba-darlamasy/). Мәжіліс Салық кодексіне кәсіпкерлер үшін Мобильдік төлемдерді фискалдауды енгізуді көздейтін түзетулерді қабылдағанына бір жыл да өтпеді. Өздеріңіз білетіндей, кәсіпкерлер бұл жаңалыққа наразылық танытты, ал олардың Парламенттегі өкілдері – «Ақ Жол» партиясы – өздерінің сайлау алдындағы уәделерін ұмытып, жаңа өзгеріс енгізулерді қолдады.

Сонымен бірге, «Ақжол» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында «Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету мәселесін өзектендіру» дегенді табуға болады. Ал Ұлттық банк қыркүйек айынан бастап осы мөлшерлемені 9,25%-дан 9,75%-ға дейін екі рет көтерді. «Ақ Жол» үн қатпады, ең болмаса мәселені Ұлттық банкке еске түсірсе де болар еді.

Ақжолдық бағдарламаның жалпы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы келесі жайттан да білуге болады. Қазақстанның Сарғыш кітабына сәйкес 2021 жылдың 3-тоқсанында отандық кәсіпкерлердің елдегі бизнес-ахуалға деген көзқарасы нашарлаған. Сондай-ақ, бизнес мемлекеттік реттеудің теріс әсерінің артқанын атап өтуде.

Nur Otan берген уәделерге келсек, пандемия дағдарысы уәделерді орындау үшін елеулі кедергілер тудыратын сияқты көрінген. Сондықтан, шартты түрде айтқанда, бәріне жауап беретін билеуші партия үндемей тыныш отыруы керек еді.
Дегенмен мойындау керек, партия өзінің сайлауалды бағдарламасын орындаумен белсенді түрде айналысуда. Жақында Nur Otan арнайы сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған Саяси кеңес өткізгенінен білуге болады (https://nurotan.kz/news/news-detail/288781?lang=kz) Партия қанша мектеп салынғаны, қанша емхана пайдалануға берілгені, қандай медициналық жабдықтар сатып алынғаны, қандай жолдар жөнделгені және т.б. туралы үнемі есеп беріп отырады.

Жетекші партия Үкіметте бағдарламаны орындау жөніндегі штаб құрылғанын, республикалық және 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаны іске асыру үшін жол карталары қабылданғанын, 14 республикалық және 1,7 мың өңірлік Қоғамдық кеңестер ұйымдастырылғанын, барлық 2,7 мың нұротандық депутатты бағдарламаны іске асыру бойынша ынталандыруға бағытталған рейтинг енгізілгенін хабарлаған. Медиа-алаңда «айтылды – орындалды» тақырыбында үнемі мультимедиа материалдары бар. Сонымен қатар, Мәжілістегі партия фракциясының отырыстарында бағдарламаны орындаудың аралық қорытындылары қаралады.

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 160 мыңға жуық қазақстандық жүгінді. Депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары 31 мыңнан астам қоғамдық қабылдау өткізген.

Өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тағы сол сияқты мәселелерге байланысты. Бүгінде өтініштердің 98%-і шешіліп, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілген. Ал 2%-і орындалуда.

Мәселен, Қарағанды қаласындағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне Бобруйская көшесінің тұрғындары үйлеріне орталық жылуды қосуды және ыстық сумен қамтамасыз етуді сұрап хабарласқан еді. Нұротандықтардың араласуынан кейін бұл мәселе оң шешімін тауып, тиісті жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Алматыда Түрксіб ауданының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындар аудандағы бірнеше жолға асфальт төсеп беруді сұрап өтініш білдірді. Нәтижесінде Айтықов көшесінде ұзындығы 1.3 км, Сокольский көшесінде 1.4 км және Свободная көшесінде 900 метр жерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қысқаша айтқанда, Nur Otan келесі сайлауға дайындықты биылдан бастап кетті. Партия келесі сайлауға ашық қатыса алады, өйткені электоратқа есеп беретін нәрсе бар (216 жол картасы). Қоғамдық қабылдаулар желісі арқылы жетекші партия электороалдық қажеттіліктер мен сұраныстар импульсін сезінеді. Ол сонымен қатар барлық жерде БАҚ-та анық байқалады және әлеуметтік желіде өте белсенді. Халықтың қолдауға мұқтаж, ұлттық мәдениет пен дәстүрді насихаттайтын түрлі әлеуметтік топтарын қолдауға және дамытуға бағытталған партиялық жобалардың тұтас кейсі NurOtan-дың саяси капиталдандыруын едәуір арттырады. Басқа партиялар қазірдің өзінде бір-біріне қол жеткізу және бәсекелестік рөлін атқарады.

Бірақ бұл жағдайда да, сайлау циклдеріндегі «саяси импотенция» тенденциясы жалғасатын болса, олардың саяси күшейту ықтималдығы үлкен проблемаға айналады.
Мүмкін, ауыл әкімдері мен алдағы аудандардың тұрақты тікелей сайлауының басталуы институционалды партияларды да, соған ұмтылатындарды оятып, олардың «саяси ғасырын» ұзартуы мүмкін. Біз осыған үміттіміз.

                                                                                                            Елдос ЖУМАГУЛОВ