«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

0

Бұрын-соңды хабарлағанымыздай, мектеп асханаларының бірқатар өзекті мәселелерін шешу және ата-аналар комитетінің, асханаларды жалға алушылардың, мектеп әкімшілігі өкілдері мен білім басқармасы өкілдерінің іс-әрекетін үйлестіру үшін «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханалары» жобасын дайындаған еді. 

Оған ата-аналар қоғамдастығының әлеуметтік желілерде жазған балаларды тамақтандырудың сапасына көңілі толмаушылығына байланысты пікірлері себеп болды. Өткен жылы партия біз тілге тиек еткен мәселелерді шешуге тиіс арнайы жоба әзірлеп, тұжырымдамасын бекітіп, содан кейін нақты дайындық жұмыс жүргізген. Нәтижесінде 2018 жылдың соңында нұротандықтар мектеп асханаларындағы тиым салынған бірқатар азық-түліктердің тізімін ұзартуға қол жеткізді (сосискалар, колбаса өнімдері, гамбургерлер, сондай-ақ, жасанды қосымшалары бар тағамдар қосылды), ал, Жаңа жылдан бастап «Мектеп асханалары» деп аталатын партиялық жоба ресми түрде бастау алды. Құрамында ата-аналар, парламентарийлер, «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалдарының, БАҚ, ҮЕҰ мен меморгандардың өкілдері бар ведомствоаралық сарапшылар тобы бүкіл еліміз бойынша мектептің тамақтандыру орындарына мониторинг жүргізуге кірісіп кетті.  Ұйымдастыру мәселелері мен жобаны іске асырудың алғашқы күндерінің нәтижесін талқылау үшін «Нұр Отан» мектеп асханаларын тамақтандыруға байланысты Республикалық сарапшылар тобының бірінші кеңесін өткізді. Бұл мәселені бақылауға алған партия Хатшысы Илья Теренченконың төрағалық етуімен өткен отырыста кездесудің қатысушылары өз идеяларымен бөлісіп, мектеп асханаларының жұмысын ұйымдастыру саласындағы, мектеп асханалары мониторингінің қапылдығы, мектеп асханалары мен ас әзірлейтін жерлерде бейнебақылау орнату, сондай-ақ, бейінді нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу туралы ойларын ортаға салды.  

Әңгіме барысында партия Хатшысы еліміздің өңірлерінде құрылған мектеп асханалары бойынша Республикалық сарапшылар тобы мен ведомствоаралық сарапшылар тобының жұмысын қадағалаушылық іс-әрекетпен шатастырудың қажеті жоқ екенін атап өткенді жөн санады.  — Кейбір БАҚ біздің мектеп асханалары мен оны жалға алушыларды тексеріп жатқанымызды жазып үлгерді. Бұл түбегейлі қате түсінік. Біз тексеріс емес, мониторинг жүргізіп жатырмыз. Қайталап айтамын! Біз ешкімді де жазаламаймыз, қандай да бір кемшіліктерді жоюға байланысты кеңес қана береміз. Жекелеген жағдайларда біз өз ұсыныстарымызды өкілетті органдарға жібереміз. Алайда, біздің бизнестің ісіне араласуға құқымыз жоқ. Тіпті, «Нұр Отан» партиясының басымдыққа ие мақсаттарының бірі – қазақстандық қолдау көрсету.  Оның ішінде мектеп асханалары саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де бар — деп мәлімдеді Илья Теренченко.  

Бұл ескертулер құрамында мектеп оқушыларының ата-аналары, құқыққорғаушылар, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер және нұротандықтардың өздері де бар сарапшылардың арасында қызу пікірталас туғызды. Бір жағынан алып қарағанда балалардың денсаулығынан артық ештеңе де жоқ. Және қандай да бір кәсіпкердің кінасынан асханада тамақтанған оқушылардың жаппай улану оқиғасы орын алғанда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінің басымдыққа ие болғаны үшін кіналыны жауапкершіліктен босату туралы әңгіме қозғау қаншалықты қисынды? Екінші жағынан нормадан болмашы ғана ауытқушылық болғаны үшін жұмыс орындарын құрып отырған мектеп асханаларын жалға алушылардың лицензиясын тартып алып, оны жұмыс істетпей тастау дұрыс па?

Бұл мәселеде бизнестің ісіне араласу болып табылатын шекара қайда?  Ұзаққа созылған талқылаулардың нәтижесінде Республикалық сарапшылар тобының мүшелері мектеп асханаларына мониторинг жүргізу қажет деген мәмілеге келді. Алайда, бұл мәселеде мектеп оқушыларының қабылданған стандарт бойынша тамақтанып, шағын және орта бизнестің да тоқтаусыз дами бергені маңызды. Айталық, қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда кәсіпкерлердің оны түзеуіне екінші мүмкіндік берілуі тиіс.  

Дереккөз: http://egemen.kz/