Нумеролог наурыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Қысқа сілтеме алу
Белгілі нумеролог көктемнің алғашқы айында елімізде қандай өзгерістер болатынын айтты
АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Танымал қазақстандық нумеролог Құралай Бақытқызы осы күнге дейінгі сұхбаттарының бірінде ақпан айында билікте салмақты өзгеріс болатынын айтқан-ды. Расымен де, жуырда Қазақстан үкіметі отставкаға кетіп, қайта жаңа құрамы жасақталды.
Нумеролог маман бұл шешімнің әділетті екенін, алайда билік өкілдерінің сәуір айында қатаң сынға ұшырайтынына тоқталды. Сондай-ақ наурыз айына болжам жасап, қазақстандықтарды алда не күтіп тұрғанын айтып берді.
Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
«Ақпан айында шыққан заң мен шешім әрдайым әділетті. Яғни Қазақстанда дұрыс бағытта өзгеріс болып жатыр. Президент кімнің қай министрлікке баратынын, үкіметке кімнің мүше болатынын дұрыс таңдады. Ақпан айында билікте өзгеріс болса, наурыз айында банк, құрылыс пен тұрғын үй саласына қатысты тың жаңалықтар көп болады. Мысалы, кей банктер қосылып, көпбалалы аналарға арналған тиімді бағдарламалар әзірленуі мүмкін», — дейді нумеролог.
Наурыздың алғашқы күндеріне ауа райы болжамы
Құралай Бақытқызы наурызды «шығармашылық айы» деп атауға болатынын айтты. Себебі, адамдар техника мен компьютерден демалып, шығармашылыққа бет бұрады. Сурет пен сән көрмелері қолға алынып, қазақстандықтар театрдағы қойылымдарға жиі барады.
Наурыз айында дүниеге келген сәбилер ересек шақта сәулет, дизайн және аспаздық саласына бет бұрады. Мысалы, көбісі мейрамхана бизнесін қолға алуы мүмкін. Сондай-ақ, нумеролог келер айдың кемшілігі туралы да айтты.
«Наурыз айының бір ғана кемшілігі бар. Ол адамдардың тым жалқау болып кетуі. Есесіне келер айда қазақстандықтардың жаны әдемілікке құмар болады. Театр, музей, картина көрмелері, мейрамхана мәселесіне келгенде адамдардың талғамы жоғарылайды. Ең бастысы, көктемнің алғашқы айы дизайнерлер үшін барынша табысты болады», — дейді Құралай Бақытқызы.
Мұнымен қатар, нумеролог адамдардың жүрегінің құлпын ашып, махаббатқа бөленетінін айтты. Жастар көңілді кештерге жиі барып, өмірлік жарын кездестіреді. Осы орайда, Құралай Бақытқызы керісінше жанды жайландыратын жерлерге баруды ұсынды.
«Наурыз жылдың үшінші айы болғандықтан, отбасын құрып, бала көтеру үшін барынша қолайлы. Бұдан өзге қаржыгерлер үшін де жақсы тосынсыйларға толы ай болмақ. Жалпы 7-8 сандарымен аяқталатын күндер табыс әкеледі. Мысалы, 7, 17, 27-сі махаббат үшін, ал 8, 18, 28-і күндері негізінен шағын бизнес ашу үшін қолайлы», — дейді нумеролог.
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қайдан шықты?
Құралай Бақытқызы наурыз айында диета ұстамауға кеңес берді. Себебі, бұл әрекетіңіздің арты созылмалы ауруға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұның орнына бар күш-жігеріңізді кітап жазып, сурет салуға және жаңа жиһаз ойлап табуға жұмсауыңызға болады.
1 наурыз — Алғыс айту күні
«Келер айда көптен бері бір перзентке зар болып жүргендер бала көтереді. Осының арқасында Қазақстан демографиясы айтарлықтай жақсара түседі», — деді нумеролог.
Бұдан өзге нумеролог наурыз айы мен мамыр айының бір қаладан екіншісіне немесе бір елден басқасына қоныс аудару үшін барынша қолайлы екенін айтып өтті.
sputniknews.kz