Домой Жаңалықтар Нумеролог: Мәсімовті психологиялық, физикалық тұрғыдан сындыру оңай емес

Нумеролог: Мәсімовті психологиялық, физикалық тұрғыдан сындыру оңай емес

0
466
Отандық нумеролог Кәрім Мәсімовтің туған күні мен жылының сандарына талдау жасап, елеусіз қалатын адам емес екенін мәлімдеді, деп жазады kznews.kz сайты exk.kz порталына сілтеме жасап.

Нумеролог Кәрім Мәсімовтің жолы болғыш, үнемі табысты адам болған көрінеді.

Қаңтардағы оқиға кезінде қамауға алынған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәсім Мәсімовке чакро-нумерология жасаған нумеролог Ақбота Әбілтай оның елеусіз қалмайтын адам болғанын айтты.

«15.06.1965 жылы туған. Осы кісінің нумерологиясын, әсіресе чакрологиясын көріп, өзім қатты таңғалдым. Себебі сверхспособный, сверхпродуктивный адам. Туған күні туралы сандарда жетілігі, сегіздігі жоқ, яғни әрдайым сәттілік серігі болып, жолы болып кеткен дейтін емес. Бірақ мынандай потенциалмен елеусіз, ескерусіз, көп көзіне түспей қалу мүмкін емес. Өмірде ештеңеге қол жеткізбесе кешірімсіз болар еді», — деп жазды Ақбота Әбілтай.

Нумерологтың сөзінше, Кәрім Мәсімов табиғатынан төзімді, зор әлеуетке ие адам екен. Әрі ол ақшаны мол табумен бірге оны ұстай біледі-міс.

«Екілігі жоқ, яғни биоэнергия дефицит. Бірақ мынандай әлеуетпен оның бар-жоғы біліне қоймас. Екілігі, жетілігі, сегіздігі жоқ дегенмен, матрицасы мығым, энергоайналымы жоғары. Табиғатынан тұла бойында төзім, зор әлеует бар. Болмысы баланста, тепе-теңдікте, екі аяғынан нық тұрған адам. Мұндай адамды психологиялық, моральдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да шайқау, сындыру оңай емес. Екі бестігі, үш үштігі, үш алтылығы бар. Аналитикасы, логикасы жүйрік. Еңбек өнімділігі өте жоғары. Табыс табу мүмкіндігі де және ол тапқан дүниесін ұқсату қабілеті де жоғары. Табиғатынан қолында ақша жақсы тұратын адам», — деді нумеролог Ақбота Әбілтай.

Нумеролог Кәрім Мәсімовті талдай отырып, басы қатты істейтін адам деп отыр.

«Барлық чакрасы нормадан жоғары. Жай ғана жоғары емес, үш чакрасы максималды көрсеткішпен тұр. Интеллектуалдық контуры өте мықты. Сверхпродуктивность осы жерден шығып тұр. Ауызекі тілмен айтқанда басы мықты істейтін адам. Эгоистік-көшбасшылық қасиеті бар. Жетекші чакрасы — Вишудха, яғни публика. Бұл адам өзі қаласа да, қаламаса да жұрт назарында жүретін еді», — дейді нумеролог.