Нүкенованың адвокаты Жанна Оразбақова марапатталды
Адвокат Жанна Оразбақова «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Жанна Оразбақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Мемлекет басшысының 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы күні «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталдым. АҚШ-та болуыма байланысты дер кезінде ала алмай, бүгін ресми түрде марапатталдым. Менің жұмысымның қоғамға, елімізге пайдасы тиетініне сенемін. Мен мұнымен тоқтап қалғым келмейді, қоғамымыздың құқықтық мемлекетте айналуы үшін барымды саламын”, – деп жазды Оразбақова.
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградамен марапатталған еді. Оған қоса, Бишімбаев ісі бойынша үкім шығарған судья да алғыс алған.