Нотаруис аресттегі үйді рәсімдеп берген: Ақшасы мен пәтерінен айырылған ана көмек сұрады
Ләззат Қожахмет теміртаулық ананың оқиғасымен бөлісіп, орын алған заңсыздықтар туралы айтты.
«Анар Бәйдаулетова пандемия кезінде Теміртаудан бір бөлмелі пәтер сатып алды. Бірақ нотаруис оған арестта (ауыртпалық) тұрған үйді рәсімдеп берген. Ақыры 2,5 млн теңгесінен де, пәтерден де айрылып далада қалды. Бір қызығы құқық қорғау органдары алаяқтар жағында.
А.Байдаулетова 18.10.2019 жылы Байсейітова көшесіндегі пәтерді сатып алу туралы келісім жасап, кепіл ретінде 1 миллион 500 мың теңгені береді. Қалған 1 млн теңгені келісім бойынша қожайынға 22.06.2020 жылы төлейді. Сол күні теміртаулық нотариус А. Неманова пәтерді сатып алу-сату шартын рәсімдейді. Үй атына түседі, бәрі заңды. Бірақ келесі күні нотариус пәтерге «арест» қойылғандықтан, үй сатып алу туралы келісімшартты қателесіп жасағанын айтып хабарласады. Арестті алып тастау үшін сатып алу келісімшартының күшін жою керек дейді. Нотариустың айтуымен келісімшарт бұзылады, қожайын арест алынған соң үйді Анарға қайта рәсімдейтінін айтып нотарустың көзінше қолхат береді. 2,5 млн теңгені қайтармайды. Себебі барлығы нотариустың көзінше жасалады. Әрі қателік нотариус тарапынан кетіп тұрған соң Анар сенеді.
Бірақ сол күні қожайын ол пәтерді басқа біреуге 2, 3 млнға сатып жіберген. Одан Анар хабарсыз, қожайыннан хабар күтіп жата береді. Себебі үйдің оригинал документтері оның қолында, қолхат бар, нотариус сендірген.
Менің заңгерлік білімім жоқ. Бірақ өмірінде бір рет үй сатқан, сатып алған адамдар жақсы біледі. Егер үйде (ауыртпалық) «арест» тұрса нотариус үй сатып алу туралы келісімшартты жасамауы тиіс. Нотариусқа барсаңыз әуелі үйде ешқандай ауыртпалық жоқ деген анықтама сұрайды. Яғни нотариус А.Неманова пәтерді тексерместен сату туралы келісімшарт рәсімдеп, Анардың ақшасын бергізген.
Жалпы «арест» деген бір күннің ішінде алына ма? Себебі ол пәтерде 23 қазанда ауыртпалық тұрғаны туралы кадастрлық анықтама бар. Ал 24 күні пәтер басқа адамға сатылады. Бірақ ол базаға үш айдан кейін ғана тіркелген. Соған қарағанда басқа адамға сатылған күні де ол пәтер арестта тұрған. Яғни екінші нотариус та ауыртпалықта тұрған пәтерді сатып алу құжатын куәландырған. Теміртауда заң жоқ па?
А.Байдаулетова өзінің алданғанын айтып сотқа шағымданды. Алайда Теміртау қалалық сотының 27.01.2021 жылғы №3524-20-00-2/2879 іс бойынша шешімімен пәтер А.Байдаулетоваға тиесілі емес. Жесір әйелдің 2 жарым млн теңгесін қайтару туралы да судья жақ ашпайды. Пәтер де, ақша да жоқ, жалғызбасты әйел зар жылап қала береді. Мейлі нотаруис заңды жетік білмеді делік. Ал судья Е.Тастанбековтың сотқа нотариусты шақырмауын қалай түсінеміз? Судья үй қожайыны Хакованың «арестті» алған соң үйді Анарға рәсімдеймін деп берген қолхатын да назарға алмаған. Пәтерде сол кезде ауыртпалықтың болған-болмағанын тексеру үшін сұрау да салмаған.
Самал Никанбай судья Тастанбековтың шешімі заңға сай ма? Сыбайластық исі мүңкімей ме? Қарапайым адамдардың құқығын сонда кім қорғайды?
Үй қожайны Хакова нотариус А.Неманованың көзінше қолхат жазып, 24 қазанда үйдің тұпнұсқа құжаттарын Анарға береді. Бірақ келесі күні пәтерін Жаманов мырзаға сатып жіберген. Сонда Хакова ханым үйін қандай құжатпен сатқан? Оригинал құжаттарды Анарға өз қолымен берген ғой? Әлде бір күнде үйдің құжатын қайтып жасап алуға бола ма?
Анар нотариустың әрекетіне шағымданып қалалық ішкі істер бөліміне арыз түсірді. Заң бойынша нотариус мүлікке ауыртпалықтар мен талаптардың жоқтығына көз жеткізуі керек. Дегенмен, Теміртау қалалық ІІБ тергеушісі нотариустың әрекетінен қылмыстық белгі таппағандықтан істі тоқтатпақ.
Ерлан Файзуллин мырза Сіз де тергеушінің шешімімен келісесіз бе? Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ па?
Осыдан төрт ай бұрын, дінге қатты беріліп кеткен жұбайы балаларын тартып алған әйелді Алия Садырбаева ханымға жібердім. Заңгердің көмегі керек болды. Аппеляциялық сотқа Әлия ханым өзі қатысып, көп балалы ананың құқығын қорғап, балаларын алуға көмектесті. Әлия ханым НұрОтанның Қоғамдық қабылдауын басқарасыз. Осы істі де қадағалауыңызға алуыңызды сұраймын.
Анар Бақдаулетова қалалық сот шешімін аппеляцияға берді. Осы аптада сот. Анардың телефоны: +77471615963″ деп жазды журналист.