Норвегияда коронавирус індетіне байланысты мектептер карантинге жабылуда — Қазақстан жаңалықтары

0

Норвегияда мектептерді коронавирусқа байланысты карантинге жабылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

коронавирус

Қазіргі уақытта Норвегияда коронавирустық инфекцияның 95 жағдайы тіркелген. Жұқтырғандардың ең көп саны Вестланд пен Ослода тұрады деп хабарланған.

Ауру жұқтырғандардың арасында балалар да бар. Сегіз мектеп пен бір балабақша карантин режиміне енгізілді және білім беру мекемелері толығымен уақытша жабылды.

Норвегиялық қоғамдық денсаулық сақтау институты барлық науқастарда жеңіл инфекция бар, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда коронавируспен ауыратындардың саны бір жарым мыңнан асқан. Бұл ел вирустың таралу деңгейі бойынша Қытайдан кейін екінші орында.

Италияда 500-ге жуық адам ауырып қалды. Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты Венеция карнавалы мерзімінен бұрын аяқталды, Миланда сән апталығының бірнеше шаралары тоқтатылды.

Иранда жұқтырғандар саны күніне жүзден астам адамға көбейді — 139-дан 245-ке дейін.

 

 

stan.kz